Әлемдегі иісі ең жағымсыз гүл гүлдеді

3214

Әлемдегі иісі ең жағымсыз гүл гүлдеді

Эдинбургтың королевалық ботаникалық бағында титан арум немесе "өлексе гүл" гүлдеді, деп хабарлайды Белта.

Бұл гүл әлемдегі иісі ең жағымсыз гүл саналады. Гүлдің "аңқаған" иісін иіскеп көргендердің айтуынша, одан өлген балық пен шіріген жұмыртқаның иісі шығады екен. Бірақ бұл иіс гүлді қозғаған кезде ғана байқалады екен. Ботаникалық баққа келушілерді гүлдің дәл осы ерекшелігі қызықтырады.

Титандық аморфофаллус тек екі күн ғана гүл ашып тұрады, ал жапырақтарының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. 

Индонезияда бұрын бұл гүл жиі кездесетін, алайда соңғы кезде экологиялық жағдайға, жаппай жұлуға байланысты жоғалудың аз-ақ алдында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу