Кейінгі 50 жылда жер бетіндегі 9 трлн тонна мұз еріп кеткен

189

Бұл дегеніміз шамамен Германияның көлеміндей болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кейінгі 50 жылда жер бетіндегі 9 трлн тонна мұз еріп кеткен Фото: kp.kz

БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігінің Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның өкілі Клэр Нуллис тосын мәлімдеме жасады.

"Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметінің бағалауы бойынша, 1975 жылы бақылау басталғалы бері мұздықтар жалпы көлемі 9 триллион тоннадан астам мұзды жоғалтты. Бұл қалыңдығы 25 метр болатын Германия аумағындай алып мұзды блокқа тең", – деді ол Женевада өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы жылдары әлем "бақылау тарихындағы мұздықтардың ең жылдам шегінуіне" куә болды.

БҰҰ өкілі мұздықтар мен мұз жамылғылары әлемдік су ресурстарының шамамен 70 пайызын сақтап тұрғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу