Осылайша, Жапониядағы 65 жастан асқан егде жастағы адамдар жалпы халық санының 30%-ына жақындап, рекордтық көрсеткішті тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлік 15 қыркүйек "Қарттарға құрмет көрсету күніне" орай, егде жастағы халық саны 36,19 миллион адамға жеткенін мәлімдеді.
– Жұмыс күші туралы шолуға сәйкес, өткен жылы 9,3 миллион қарт адам еңбекпен қамтылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 160 мыңға көп. Бұл да рекордтық көрсеткішке ие.
65 жастан жоғары адамдар арасында еңбекпен қамту деңгейі 25,7%-ға жетіп, 0,5 пайыздық тармаққа өскен. Жас топтары бойынша бөлгенде, 65-69 жас аралығындағы адамдардың еңбекпен қамтылу деңгейі – 53,6%, 70-74 жас аралығындағы – 35,1%, ал 75 жастан асқандар 12,0% болды, – делінген ресми хабарламада.
Министрлік мұндай үрдісті еңбек ресурстарының жетіспеушілігімен байланыстырады. Әрі зейнеткерлік жасын арттыру да бұған әсер етеді. Әлбетте, егде жастағылардың белсенді болу мүмкіндігі кеңейіп жатыр.