Әлемдік әуе тасымалының 65%-ы қалыпқа келді

689

Дағдарысқа дейінгі ұшу санының жартысынан көбі орындалып жатыр.

Әлемдік әуе тасымалының 65%-ы қалыпқа келді

Басқа салаларға қарағанда пандемиядан көбірек зардап шеккен әлемдік әуе тасымалы жандана бастады. Дағдарысқа дейін күніне 181 мың рейс іске асырылатын еді. Қазір енді олардың 118 мыңы немесе 65% орындалып жатыр. Дегенмен бұл сала тағы да іркілуі мүмкін деген болжамдар бар.

Flighttrader дерегіне сүйенсек, сәуір айында бір күндегі рейстер саны 64 мыңға, мамырда 93 мыңға, ал маусымның ортасында 118 мыңға дейін жеткен. Осы айда бір күндегі коммерциялық рейстердің саны 46 мыңнан асқан. Бұл сәуірдегі көрсеткіштен (23) екі есе көп. Дағдарысқа дейін күніне 102 мың осындай рейс іске асырылған еді.

Осы айда бірқатар ел халықаралық әуе қатынасын жаңарта бастады. 15 маусымда Украина мен Мысыр шекараларын ашты. Еуропа 1 шілдеден бастап біртіндеп осындай қадамдарға баруы мүмкін. Көршілес Ресей болса, 15 шілдеден бастап халықаралық рейстерді бастау жағын қарастырып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: businessinsider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу