Әлемдік биржада мұнай бағасы өсіп жатыр

307

Әлемдік мұнай бағасы көтерілуде. Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны өткен жылдың қараша айының басынан бері алғаш рет 85 доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік биржада мұнай бағасы өсіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 09:09-дағы сауда деректері бойынша 1,47 пайызға өсіп, барреліне 85,27 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 1,76 пайызға өсіп, барреліне 81,13 долларды құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық энергетика агенттігінің (IEA) есебі жарияланған болатын. Әлемдік мұнай сұранысының болжамы биыл тәулігіне 190 мың баррельге өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу