Әлемдік дін басшылары Елордаға жиналды

220

Жиынға шамамен 60 елден 100-ден астам делегация қатысады.  

Әлемдік дін басшылары Елордаға жиналды Фото: baq.kz

Бүгін-ертең Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Съезге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Жиынға шамамен 60 елден 100-ден астам делегация қатысады. Олардың қатарында діндердің рухани лидерлерімен қатар, халықаралық ұйымдар өкілдері, сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері бар.

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, съез хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы болды. Сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымы Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессиясы өтті.

Ал бүгін съездің пленарлық отырысы жоспарланған. "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия" деп аталған форумда бірқатар өзекті мәселелер қаралады.

Бұлардың қатарында бейбітшілікті сақтау, тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діндердің рөлі сынды мәселелер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу