26 қаңтар күні қала әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өйткені, сол күні Алматыға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік сыйлайды.
– Трофей көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық тур аясында өтеді. Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады, – делінген Алматы қаласының ресми парақшасында.
Бұл оқиғаның бірегейлігі әрі ерекше айта кетерлігі – трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат ғана болуы.
Сол себепті, бұл іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.