Әлемдік хоккей жұлдыздары Астанада бас қосады

864

Әлемдік хоккей жұлдыздары Астанада бас қосады

Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары "Барыс Аренада" бас қосатын болды, деп хабарлайды khabar.kz.

10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал. Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ.

Дүбірлі додада елордалық "Барыстан" үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі – шабуылшы Линден Вей. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу