Әлемдік инвесторлар қытайлық құнды қағаздарды жаппай сатып алып жатыр

1108

Әлемдік  инвесторлар қытайлық құнды қағаздарды жаппай сатып алып жатыр

Шетелдік инвесторлар арасында қытай құнды қағаздарына  сұраныс төрт есеге дейін артқан. Оған  юаньнің ХВҚ валюталар қатарына қосылуы және  әлем елдерінің орталық банктері өздерінің халықаралық қорларын  әртараптандыруы себеп болып отыр, деп жазды vestifinance.ru.  Соңғы 11 тоқсанда  қытай құнды қағаздарына қаражат құю тек бір рет қана шығынды болып шыққан. 
Ал жалпы алғанда  осы кезең ішінде  кірісі 25%-ға жеткен.  2015 жылы  кіріс 12 млрд долларды құраса, биылғы жылдың басынан бері 8 млрд долларға дейін төмендеу байқалды. Оған  юаньнің долларға шаққандағы бағамының на 4,2%-ға әлсіреуі әсер етті.

"Халықаралық қорлардың юаньға қарай ақырындап болса да әртараптандыруға әлеуеті  сақтаулы.  Оған қоса  зейнетақы қорлары мен өзара қорлар секілді  нақты ақшаны басқарушылар тарапынан  қызығушылық жоғары.  Егер Қытайды  құнды қағаздардың негізгі индексіне қосатын болса, онда алдағы уақытта  ол орташа алғанда  жылына 80 млрд-тан  100 млрд долларға дейін қаражат тарта алады", – деп мәлімдеді HSBC Holdings Plc  дамушы нарықтарды талдау департаментінің басшысы  Пол Мэкел. Қытай нарықтары  шетелдік инвесторлар үшін есіктерін әлі де айқара аша қойған жоқ.  Алайда,  бұрнағы жылдары ХВҚ-да қытай бағытына жауапты болған Корнелл университетінің профессоры Эсвар Прасадтың пайымдауынша,  енді он жылдан кейін қытай юаніне әлемдік валюта қорларының шамамен 10%-ы тиесілі болмақ.  Қазір олардың жалпы сомасы  11 трлн долларды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу