Әлемдік қаржы нарығымен ықпалдастық жергілікті нарықтағы жағдайға әсер етеді- Ұлттық банк

875

Соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 млн АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты, бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ.

Әлемдік қаржы нарығымен ықпалдастық жергілікті нарықтағы жағдайға әсер етеді- Ұлттық банк

ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 млрд теңге (баламасы 1,43 млрд АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады.

2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 млрд теңге (баламасы 0,45 млрд. АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 млн АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ.

Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 млрд АҚШ долларына жуық болды.

АҚШ монетарлық саясатына келетін болсақ, ФРЖ сәрсенбідегі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Ашық нарықтар жөніндегі комитет ілеспе түсініктемелерінде экономикалық белсенділіктің үдемелі өсу қарқындары, жұмыссыздықтың төмен деңгейде сақталуы және үй шаруашылықтары мен бизнестің негізгі капиталға үдемелі шығыстары (инвестициялар) туралы белгі берді.

ФРЖ экономика мен инфляцияның қалыпты өсу қарқындарын сақтау үшін өзінің индикативтік мөлшерлемесін одан әрі біртіндеп арттыруды қайталап көрсетті, сол арқылы осы жылы үшінші рет қыркүйектегі қатаңдатуға негіз дайындады.

Нарық күтулеріне сәйкес, қыркүйекте мөлшерлеменің өсу ықтималдылығы - 92%, ал биылғы желтоқсанда қайтадан өсу ықтималдылығы 73% болды. ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі аясында көптеген инвесторлар барынша тәуекелді активтерден, атап айтқанда дамушы нарықтардан басымдықтарын АҚШ қазынашылық облигацияларына өзгертуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу