Әлемдік мұнай бағасы 105 доллардан асты

194

28 қыркүйекте әлемдік мұнай бағасы шикізатты жеткізудегі қиындықтарға байланысты жоғары болып қалды.  

Әлемдік мұнай бағасы 105 доллардан асты Фото: gov.kz

28 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,74%-ға қымбаттап, барреліне 106,14 доллар болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,90%-ға өсіп, барреліне 93,24 долларға жетті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,57%-ға көтеріліп, барреліне 113,61 долларға тең болды.

Қазір мұнай нарығына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Атап айтқанда, инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің нәтижесін күтіп отыр. Егер тараптар келісімге келсе, аймақтағы шиеленіс бәсеңдеп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі қайта қалпына келуі мүмкін.

25 қыркүйектен бері мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасында бітім жасалуы мүмкін деген болжам аясында өзгеріп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу