Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр

362

Қазір нарықтағылар АҚШ-тағы сайлауды бақылап отыр.

Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр

Brent сұрыпты мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 1,4,6%-ға арзандап, 40,63 болды. WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің бағасы 1,43%-ға төмендеп, қазір бір баррелі 39,15 долларға саудалануда.

Бүгінгі таңда нарықтағылардың назары Құрама Штаттардағы саяси додада. Әзірге оны қорытындысы жарияланбады. Associated Press дерегіне сүйенсек, сайлаушылар алқасының дауысы (electoral vote)  бойынша Джозеф Байден алда келеді. Ол 264 дауыс жинаған. Дональд Трампта әзірге 214 дауыс.

АҚШ-тың энергетика министрлігі 4 қарашада елдегі шикізат қоры өткен аптада 8 млн баррельге азайып, 484,4 млн баррельге дейін кемігенін мәлімдеді. Сонымен қатар бір күнде өндірілетін мұнай көлемі де өткен аптада 600 мың баррельге қысқарған. 

Табиғат Нұрболат

Фото: vesti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу