Әлемдік мұнай қорын қалпына келтіру ұзаққа созылады

196

Бұл туралы АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы хабарлады.   

Әлемдік мұнай қорын қалпына келтіру ұзаққа созылады Фото: AFP

Жаһандық мұнай саласын қайта ерттеу үшін айлар, тіпті жылдар қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар Парсы шығанағындағы мұнай өндірісі алдағы 3 айда соғысқа дейінгі деңгейдің 70 пайызына, алты айда 90 пайызына жетуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді. Астана уақытымен 15 маусым күні сағат 12:30 да қара алтын құны 5,14% құлдырап, 82,83 доллар болды. Ал бір аптада баға 12,22% арзандап отыр. Өткен дүйсенбіде мұнай бағасы 95 доллар айналасында болған.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұғаз жұма күні ашылатынын мәлімдеді. Енді мемлекеттер стратегиялық қорларын қайта толықтыруға кіріседі.

Дегенмен сарапшылар әлемдік мұнай нарығында дағдарыс салдары әлі бірнеше жыл бойы сезілуі мүмкін екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу