Әлемдік мұнай нарығы келер жылдың басында тұрақталады – сарапшы

1034

Әлемдік мұнай нарығы келер жылдың басында тұрақталады – сарапшы

Әлемдік мұнай нарығы  2017 жылдың алғашқы жарысында тұрақталуы мүмкін деп мәлімдеді  Саудияның Saudi Arabian Oil Co. мемлекеттік мұнай компаниясының бас директоры (Saudi Aramco) Амин Нассер (Amin Nasser). Бұл туралы РИА Новости жазып отыр.

"Сұраныс пен ұсыныс арасында алшақтық жойылып, мұнай бағасы 2017 жылдың алғашқы жартысында жоғарылай бастайды", – деп келтіреді оның Халықаралық  энергетикалық форумда жасаған  мәлімдемесін The Wall Street Journal газеті. Егер ОПЕК-ке мүше елдер мен картельге кірмейтін мемлекеттер нарықтағы жағдайға араласатын болса, тепе-теңдік 2017 жылдың екінші жартысында орнауы мүмкін.

Айта кетейік, Saudi Arabian Oil Co. (Saudi Aramco) – бұл 1933 жылы құрылған Саудияның ұлттық мұнай компаниясы. Оның штаб-пәтері Дахранда орналасқан.  Компания елдегі барлық мұнай өндіруші қуаттылықтарға бақылау жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу