29 маусымдағы мәліметке сәйкес, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,48 доллар қымбаттап, бір баррелі 72,47 доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,82 доллар өсті, баррелі – 70,05 доллар.
Ресейлік Urals маркалы мұнай да қымбаттап, бағасы 1,28 доллар өсіп, бір баррелі 60,11 доллар шамасында саудаланып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы Парсы шығанағындағы шиеленіс басталғанға дейінгі деңгейге дейін төмендеген еді. Бұған АҚШ пен Иранның 17 маусымда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы әсер етті. Осы жаңалықтан кейін нарық қатысушылары Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қауіп төнбейді деген сенімге келіп, мұнай бағасына қысым азайды.