Әлемдік нарықта алтын бағасы өсті

114

Investing.com дерегінше, дүйсенбі күні Еуропа сауда сессиясы барысында алтын фьючерстерінің құны өсті. 

Әлемдік нарықта алтын бағасы өсті Фото: Investing.com

Нью-Йорк тауар биржасының COMEX бөлімшесінде желтоқсан айындағы жеткізілетін алтын фьючерстері трой унциясына $4020,95 бағасымен саудаланып, 0,61%-ға көтерілді. Сауда сессиясының ең жоғары көрсеткіші $4059,90, ал төменгі шегі $3925,10 деңгейінде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, АҚШ долларының негізгі алты валютаға қатысты индексі (USD Index) 0,07%-ға өсіп, $99,69деңгейінде тұр.

Басқа бағалы металдар да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады:

  • Күміс (желтоқсан жеткізілімдері) – 0,59%-ға өсіп, $48,44 болды;
  • Мыс (желтоқсан жеткізілімдері) – 0,08%-ға төмендеп, $5,09 деңгейінде саудалануда.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу