Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 7,8%-ға жоғары. Ал жалпы дәнді дақылдар бағасының индексі 2,6%-ға өсті. Бұл сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарапшылардың болжауынша, биыл әлемде астық бұрынғыдан аз өндіріледі. Яғни 2%-ға қысқарып, шамамен 3 миллиард тонна деңгейінде болады. Келер жылы әлемдік астыққа сұраныс, өндіріс көлемінен асып түседі. Соның салдарынан қор тез сарқылуы мүмкін.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, әлемдік бидай өндірісі 819,1 млн тоннаға азаяды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,8 млн тоннаға аз. Өндірістің төмендеуі негізгі экспорттаушы елдерде байқалады: АҚШ-та өнім – 11,5 млн тонна, Еуропалық одақта – 9,1, Аргентинада – 6,9, Австралияда – 6, Канадада – 5, Қазақстан мен Ресейдің әрқайсында 4,3 млн тоннаға төмендеуі мүмкін.
Жаһандық азық-түлік нарығы сыртқы күйзелістерге белгілі бір деңгейде төтеп бергенімен, астық бағасының қымбаттауы бұл сектордың ауа райы құбылыстары мен энергия нарығындағы өзгерістерге әлі де тәуелді екенін көрсетеді.
Ормуз бұғазы секілді маңызды сауда жолдарындағы кедергілер тыңайтқыш қолдану көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін. Ал бұл азық-түлік өндірісінің қысқарып, бағаның одан әрі өсу қаупін күшейтеді.