АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесінен кейін әлемдік мұнай нарығында баға өсімі байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сарапшылардың айтуынша, оның сөзі Ормуз бұғазы арқылы өтетін негізгі теңіз жолының жақын арада толық қалпына келетініне сенімділік тудырмаған.
Трамптың сөз сөйлеуіне дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 100 доллар болған. Үндеу барысында баға құбылып тұрғанымен, қазіргі уақытта ол шамамен 4 пайызға өсіп, 105,38 долларға жетті.
Ормуз бұғазы әлемдік экономика үшін стратегиялық маңызға ие. Себебі бұл тар теңіз дәлізі арқылы әлемдік энергетикалық ресурстардың шамамен 20 пайызы тасымалданады.
Аталған бағыт 28 ақпанда басталған қақтығыстан бері іс жүзінде жабық күйде. Иран АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына жауап ретінде бұл аймақтан өтетін кемелерге шабуыл жасайтынын ескерткен болатын.