Әлемдік рейтингте Қырғызстан мен Беларусь алдымызда

1109

Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде даму қарқыны ең құбылмалы елге айналып барады.  

Әлемдік рейтингте Қырғызстан мен Беларусь алдымызда

2016 жылдан бері әлемде тұрақты даму мәселесі күн тәртібіне еніп, 2030 жылға дейін ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған 17 мақсат таңдап алынған болатын.

Осы 17 мақсатқа апаратын 169 міндет бекітілген. Бәрінің негізінде адам құқықтары жатыр. Бұл міндеттер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамудың үндестігін қамтамасыз етуге тиіс. 

Ranking.kz ресурсының мәліметіне сенсек, Қазақстан осы әлемдік мақсаттарды өз ішінде икемдеп, 205 ғаламдық, 75 ұлттық индикаторды белгілеген. 

Бірақ қағаз бетінде әдемі көрінген бұл индикаторлар іс жүзінде Қазақстандағы жағдайды жақсартып жібермегенін көріп отырмыз. Тұрақты дамудың жаһандық рейтингінде Қазақстан былтыр 12 сатыға көтеріліп, 65-орыннан көрінді. Бір қарағанда айтарлықтай алға жылжу бар болып көрінгенімен, Еуразиялық экономикалық одақтың өзінде алдымызды орап кеткен елдер баршылық. Одақтас 4 мемлекеттің ішінде тек Армения ғана бізден төмен тұр. Былтыр бұл елдің Таулы Қарабақ соғысында ойсырай жеңілгенін ескерсек, бұл жұбанатын көрсеткіш емес. Ал Беларусь 18, Қырғызстан 52, Ресей 57- орынға жайғасқан. 

Әзербайжан, Грузия, Куба, Украина, Эквадор сияқты елдер де рейтингте алдымызды орап тұр. 

Ал рейтингтің басындағы үздік үш орынды Швеция, Дания, Финляндия үштігі иеленген. Алғашқы ондықты КСРО шекпенінен шыққан Эстония түйіндепті.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу