Әлемдік статистика: Шылымды ең көп тұтынатын елдер белгілі болды

662

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, зиянды әдет жыл сайын 8 миллионнан астам адамның өліміне әкеледі. 

Әлемдік статистика: Шылымды ең көп тұтынатын елдер белгілі болды Фото: DW

Оның ішінде қайғылы жағдайдың 7 миллионнан астамы темекіні тікелей қолданудың нәтижесінен, ал 1,2 миллионға жуығы шылым шекпейтіндерге темекі түтінінің әсер етуінің нәтижесінен болады, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

2020 жылы әлем халқының 22,3%-ы темекі тартқан. Оның ішінде 36,7%-ы – ер адамдар, 7,8%-ы – әйелдер.

Worldpopulationreview дерегінше, 2023 жылдың басында ең көп шылым шегетін ел – Науру. Мұнда тұрғындардың жартысынан астамы зиянды әдетке құмар. Антилидерлердің бестігінде Кирибати, Тувалу, Мьянма, Чили бар. Ең аз темекі шегетін елдер – Гана, Эфиопия, Нигерия.

Гендерлік тұрғыдан қарастырсақ, ерлер арасында темекі шегушілердің басым бөлігі Индонезия (70,5%), Мьянма (70,2%) және Кирибатиде (68,6%) тұрады.

ТМД елдері арасында Қырғызстанда ерлердің 52,5%-ы шылым шегеді, Арменияда бұл көрсеткіш – 51,8%, Молдовада – 44,6%, Беларуссияда – 42,8%, Қазақстанда – 42,2%, Украинада – 41%, Ресейде – 40,9%, Әзербайжанда – 39%, Өзбекстанда – 23,3%.

Ал, әйелдер арасында темекі шегушілердің ең жоғары үлесі Науру (52,6%), Сербия (41,2%) және Чилиде (40,3%) тіркелген. ТМД елдері бойынша бұл көрсеткіш келесідегідей: Әзербайжан – 0,2%, Ресей – 15,7%, Беларусь – 10,4%, Украина – 9,9%, Қазақстан – 6,6%, Молдова – 6%, Қырғызстан – 3,4%, Армения – 1,6%, Өзбекстан – 1,3%.

Ourworldindata мәліметтері бойынша онкологиялық науқастардың 25,7%-ы темекі шегуге байланысты қатерлі ісіктен көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу