Әлемге әйгілі Лувр мұражайы 15 жылға жабылуы мүмкін

449

Нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12-15 жылдай уақыт керек.

Әлемге әйгілі Лувр мұражайы 15 жылға жабылуы мүмкін Фото: tonkosti.ru

Францияда Париж символына айналған тарихи кешенді сақтап қалу үшін "Луврдың жаңа өрлеуі" деп аталатын ауқымды жоба әзірленді.

Мұражай директоры Кристоф Лерибо Le Figaro басылымына берген сұхбатында Франция үкіметі елде сайлау өткізген соң, ғимаратқа шұғыл түрде күрделі жөндеуге кірісу қажеттігін ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың ақпан айында қызметіне кіріскен мұражай басшысы нысанның қазіргі жағдайы мүшкіл екенін айтты. Әсіресе, Луврдың басты кіреберісі саналатын әйгілі әйнек пирамида арқылы жылына 9 миллион адамды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалған. Келушілер ағыны инфрақұрылымға үлкен салмақ түсіріп жатыр. Ауа райының өзгеруі мен цифрлық шабуылдар да мұражай экспонаттарына үлкен қауіп төндіріп тұр.

Кристоф Лерибоның айтуынша, егер ғимаратқа толық жөндеу жұмысын жүргізбесе, Лувр беделінен айырылып, келушілерді қабылдай алмауы әбден ықтимал.

Ауқымды қайта құру жобасын бастау туралы шешімді 2027 жылғы президенттік сайлаудан кейін құрылатын Францияның жаңа үкіметі қабылдауы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу