Әлемнің барлық елдері 2050 жылға қарай жасыл энергияға көшуі мүмкін

1825

Жоспарды жүзеге асыру үшін 73 трлн доллар керек.

Әлемнің барлық елдері 2050 жылға қарай жасыл энергияға көшуі мүмкін

Стэнфорд университеті зерттеушілерінің дерегі бойынша, әлем елдері 30 жылдан кейін толықтай баламалы энергия көзіне көшпек. Осылайша өндірістің зиянды түрлеріне деген әлемдік сұраныс 2050 жылға дейінгі уақытта екі есе қысқарады деген пікірде ғалымдар. 
Жоспарды жүзеге асыру үшін 73 трлн доллар көлемінде инвестиция керек екен. Оның бір бөлігі жаңа технологияларды жасауға жұмсалады. Нақтырақ айтқанда, көліктен шығатын улы заттардың мөлшерін азайтуға арналған жабдықтар жасалып, өндірістің басым бөлігі жасыл энергия негізінде жұмыс істейтін болады. 

Зерттеушілер таныстырған жоспарға сәйкес, мемлекеттер арнайы технологияны пайдаланады. Бұл өз кезегінде "климаттың өзгеруінің салдарын" болдырмауға көмектеспек. 
2050 жылға қарай толықтай мұндай энергия түріне көшу іске асырылмайтындай болып естілгенімен, зерттеушілер тіпті оған дейін де қол жеткізуге болатынын алға тартып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу