Әлемнің бірнеше елінде Instagram желісі істен шықты

1101

Ақаулар туралы ақпарат АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Ресей және Украинадан келді.  

Әлемнің бірнеше елінде Instagram желісі істен шықты

Желі қолданушылары Instagram-ның істен шыққанына шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.  

Шағымдардың көпшілігі Instagram веб-сайтының жұмысына қатысты (84%), кейбір адамдар қосымшаның жұмыс істемейтінін хабарлады (10%). Сонымен қатар адамдар авторизация кезінде қиындықтарға тап болады (6%).  Шағымдар АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Ресей және Украинадан түскен. Мұндай мәселелер Қазақстанда да байқалады. Өтінішке қатысты шағымдардың көпшілігі 29 қаңтар күні таңғы сағат 7:46-да түскен. Таңертеңгі сағат 9:00-де Instagram жұмысы реттеле бастады. Бірақ бірқатар елдерде ақаулар әлі де байқалады. Компанияның өзі бұған қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу