Әлемнің ең жас миллиардері анықталды

428

Жас жігіттің капиталы 3,5 миллиард долларға бағаланды.

Әлемнің ең жас миллиардері анықталды Фото: Tech Advisor

Әлемдегі ең жас миллиардер 18 жастағы итальяндық Клементе дель Веккьо атанды, деп хабарлады inbusiness.kz америкалық Forbes-ке сілтеме жасап.

Планетаның ең бай адамдарының жаңа рейтингіне сәйкес, дель Веккьоның байлығы 3,5 миллиард долларға бағаланды. Сөйтіп ол Dm-drogerie дәріхана желісіндегі өз үлесін мұрагерлік арқылы алған неміс Кевин Дэвид Леманның орнын басты.

Клементе - әлемдегі ең ірі көзілдірік өндірушісі Luxottica негізін қалаушы Леонардо дель Веккьоның кенже баласы (Ray Ban мен Oakley брендтеріне иелік етеді, Chanel, Giorgio Armani, Prada мен Versace көзілдіріктерінің жақтауларын шығарады). Италияның ең бай адамдарының бірі болған Леонардо дель Векчьо 2022 жылдың жазында қайтыс болды. Оның мұрагерлері-жеті бала мен жесір қалған әйеліне Delfin холдингіндегі үлестері берілді, ол арқылы кәсіпкер Luxottica, Generali сақтандыру компаниясы, Mediobanca мен UniCredit банктері және Covivio дамыту компаниясында үлестерге ие еді.

Клементе мамыр айында 19 жасқа толады. Forbes USA атап өткендей, әкесінің ісіндегі мұрагердің рөлі әзірге белгісіз.

Forbes-тің жаңа рейтингінде барлығы 30 жастан кіші 15 миллиардер тіркелді. Олардың ішіндегі ең ауқаттысы - 30 жастағы Марк Матешиц. Ол Red Bull акцияларының 49%-ын әкесі, компанияның негізін қалаушы Дитрих Матешиц қайтыс болғаннан кейін мұра етті. Көп ұзамай Мұрагер "акционердің рөліне назар аудару" үшін компаниядағы қызметінен кетті. Матешицтің байлығы 34,7 миллиард долларға бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу