Әлемнің көптеген елінде болған көрме Қарағандыға жетті

1012

Бұл 2010 жылы белгілі Швед коллекционері Турбьерн Ленскугпен бірге дайындалған Стокгольм әскери мұражайының жобасы. 

Әлемнің көптеген елінде болған көрме Қарағандыға жетті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Өмір мен өлім арасындағы заттар" атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл 2010 жылы белгілі Швед коллекционері Турбьерн Ленскугпен бірге дайындалған Стокгольм әскери мұражайының жобасы. Содан бері алтын жүлде алған экспозиция әлемнің көптеген елдерінде болып қайтты. Енді бірегей әскери артефактілерді қарағандылықтар да тамашалай алады.

Көрме ҚР Қарулы Күштері күніне, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына және Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған. Экспозицияда окоп, блиндаж және алдыңғы қатарда болған сарбаздардың өмір сүруі үшін қажетті заттар қойылған. Бұл жүздеген ұсақ заттар: құтылар, дәрі қобдишалары, ыдыс-аяқ, консервілер, қырыну аспаптары, темекі, музыкалық аспаптар және т. б. 

"Бұл әскери көрме келушілер назарына қару-жарақ та, киім-кешек те ұсынылмайтындығымен ерекшеленеді. Ол тұрмыстық бұйымдар арқылы күнделікті майдан өмірін көрсетеді. 2016 жылы Стокгольм армиясының жылжымалы көрмесі Қазақстанға келген болатын. Сол кезде экспонаттардың бір бөлігі ҚР Қарулы Күштері ұлттық-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына сыйға тартылды. Бізде топтаманың ең қызықты бөлігі ұсынылған", – деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу