Қазақстан Республикасы ұлттық музейінде халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесінің аясында өтетін халықаралық PHOTOfest.KZ фотофестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Фотофестивальді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Ресейдің "Арт-орталығымен" (Санкт-Петербург) және PHOTOVISA-сымен (Краснодар) бірігіп ұйымдастырды. Көрмеге ХХІ ғасырдағы әлемдік фотосуреттердің ең үздік тұлғалары бейнеленген туындылардың бірегей жинағы ұсынылады. Олардың арасында Шигеру Йошида (Токио), (Франция), Исмаил Хайкир (Түркия), Павел Антонов (Pasha Antonov) (США), Андрей Мартынов (Мәскеу), Татьяна Зубкова (Краснодар) және т.б. авторлардың жүзден астам туындылары бар. Сонымен қатар, көрмеге қазақстандық заманауи фотосуретшілердің де жұмыстары қойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің баспасөз қызметі.
Аса ірі фотофестиваль Орталық Азияда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанда өткізіліп жатыр. Көрменің ашылуына Қазақстанның және шетелдердің танымал ғалымдары, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, өнерді бағалаушылар қатысты. Фотофестиваль шеңберінде оған қатысушылар өз объективтеріне ең сұлу жерлерді түсіріп алулары үшін еліміздің көрікті орындарын (Бурабай, Қорғалжын, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Түркістан, Отырар, Шарын шатқалы, Шымбұлақ, Медеу, Таңбалы тас, Көлсай) аралайды. Түсірілген суреттер PHOTOfest.KZ гүлденген Қазақстан әлемдік суретшілердің көзімен фотоальманағына кіреді.