Аleumet.egov.kz порталы іске қосылды

744

Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Аleumet.egov.kz порталы іске қосылды

Министрдің мәлімдеуінше, портал мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. 

"Биыл Amazon және AliBaba сияқты сервистердің қағидаты бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін aleumet.egov.kz порталы іске қосылды. Бұл цифрлық жоба келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді: Оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау құқығы, оларды алу мерзімін алты айдан 15 күнге дейін қысқарту, бизнес процестерінің ашықтығы, делдалдық қызметі жою, бағаны бірізді ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану", – деді министр. 

Оның сөзінше, порталда оңалту құралдары мен қызметтерінің 1157 жеткізушісі тіркелген және 24 мыңнан астам техникалық оңалту құралы берілген.

"Порталға толық көшу техникалық оңалту құралдарының барлық 55 түрі бойынша 400 мыңға жуық қызмет алушыны қамти отырып, 2021 жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылады", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу