Әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жаңа мамандыққа оқыту басталды

1099

Атырауда көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік әлсіз топтағы аналарды қолдаудың жаңа бағыты бойынша 300 адамды қамту жоспарланған.

Әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жаңа мамандыққа оқыту басталды

Атырау облысында әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жаңа мамандыққа оқыту басталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік әлсіз топтағы аналарды қолдаудың жаңа бағыты бойынша 300 адамды қамту жоспарланған.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Азаматтық орталықтың басшысы Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, аймақта көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік әлсіз топтағы аналарды қолдаудың жаңа шарасы дайындалған. Шара аясында әйелдерді қысқа мерзімді курстар арқылы жаңа мамандыққа оқыту көзделіп отыр.

"Курстарды Азаматтық орталықтың мамандары әзірледі. Біздің мақсатымыз – әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сол арқылы өз істерін бастап, өмірлік мақсаттарын айқындауға, ары қарай дамуларына қолдау көрсету. Оқу мерзімінің ұзақтығы - бір аптадан бір айға дейін. Қазір үш топта оқу басталды, 30 адамды қамтып отыр. Аналар негізінен тігіншілікке және аспаз-кондитер мамандығына қызығушылық танытуда", – деді ол.

Бірақ әйелдер тек осы мамандықтарды ғана меңгермейді. Шаштараз ісі, маникюр, визаж, емдік массаж, бухгалтерия, интернет-сауда дағдылары, SMM, басқа да мамандықтар бар.

Оқу курстары аяқталғаннан кейін белсенді қатысушылар әлеуметтік желілерде іс жүргізу, маркетинг және бизнес негіздеріне онлайн режимде оқитын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу