Әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұрғандарға 3 млн теңге грант тағайындалады

966

Осыдан 4 жыл бұрын Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен қолға алынған "Әрекет" жобасы жалғасып жатыр.  

Әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұрғандарға 3 млн теңге грант тағайындалады

Жоба аясында әлеуметтік салада кәсіп бастауға ниет білдірген азаматтарға грант тағайындалып, қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқау түрінде ұйымдастырылатын жобаның алғашқы жылында еліміздің 8 өңіріне 49 млн, екінші жылында 150 млн теңге бөлінді. 

Бүгінге дейін "Әрекет" жобасы арқылы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының азаматтары кәсіп бастады. 

Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі
Мирас Іргебаевтың мәлімдеуінше, коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуды көздейтін байқау 23 тамыз бен  
31 тамыз аралығында өткізіледі. Байқауға тек тіркелген коммерциялық емес ұйымдар ғана қатыса алады.

"Байқау 3 кезеңнен тұрады. Қатысушылардың жобалары арнайы іріктеуден өтеді. Қатысушылардың жобалары ұзақмерзімді болуға тиіс. Іріктеу өткен азаматтар түрлі деңгейдегі кәсіпкерлердің бизнес-тренингіне қатысады. Осы арқылы коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікке деген құлшынысына серпін беріледі. Үш кезеңнен сүрінбей өткен коммерциялық емес ұйымдармен келісімшарт рәсімдейміз", – деді Мирас Іргебаев. 

Оның сөзінше, өтінім 17 қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпазға 3 млн теңге грант тағайындалады. 

"Қор грантқа ие болған коммерциялық емес ұйымдарға қызметін жүзеге асыруға 9 ай көмектеседі", – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу