Әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады

598

Бүгін Halyk Bank-пен бірлесіп, пилоттық режимде Halyk Market-те "Каз Интер Көмір" ЖШС-нің қатты отынын сату іске қосылды. 

Әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, әлеуметтік көмірді бірқатар қаржы және сауда ұйымдарының мобильдік қосымшалары арқылы сатуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz ҚР Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, бүгін Halyk Bank-пен бірлесіп, пилоттық режимде Halyk Market-те "Каз Интер Көмір" ЖШС-нің қатты отынын сату іске қосылды. Бұл кәсіпорын Қостанай облысының 10 ауданын көмірмен қамтып отырған өңірлік оператор болып табылады.

Мобильді қосымша арқылы сату нүктесін, көмірдің қажетті маркасын және көлемін таңдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге онлайн төлем жасап, тауарды 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге болады.

Аталған заманауи шешім қатты отынды тікелей және кезексіз сатып алуға, сондай-ақ халықтың жылыту маусымына дайындығын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тиісті жұмыстар басқа да өңірлерде жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта аталған платформаға Алматы қаласындағы көмір операторы да қосылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу