Әлеуметтік қорғалатын санаттағы 2 500 адам пәтер алды

1111

Қарағанды облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасады. Биыл кезекте тұрған 3 мыңнан астам адамды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы 2 500 адам пәтер алды

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн форматта өткен халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықты толғандыратын басты мәселелердің бірі – тұрғын үй және инфрақұрылым. Облыста 36 мыңнан астам азамат әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр. Біздің міндетіміз – барынша көбірек құрылыс жүргізу. Өткен жылы өңір бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары өтті. Рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. 6 500-ге жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты", – деді облыс әкімі.

Әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру қарқыны бір жылда 40%-ға өсті, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ол 2021 жылы 20% өсіммен 660 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланғанын хабарлады. Бұл 3 мыңнан астам жанұяға, оның ішінде 600-ге жуық көп балалы отбасыға жалға берілетін және несиелік пәтерлерді табыс етуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу