Әлеуметтік ландшафты қайта қарау керек – Ерлан Саиров

889

"Қазақстан қоғамының негізгі мәселесі – төзбеушілік". 

Әлеуметтік ландшафты қайта қарау керек – Ерлан Саиров

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров қазақ танымын мойындамайтын топтарға ұялту тәсілін қолдану керек деген пікір айтты. 

"Бүгінгі, Қазақстан қоғамындағы болып жатқан  ең негізгі мәселе – төзбеушілік. Басқаның ойына, басқаның мәдениетіне, басқаның көзқарасына төзбеушілік. Біздің елімізде қарама-қайшы процестер болып жатыр. Бір жағынан қоғам, азаматтар демократияны бекітеді, демократияны қалайды. Екінші жағынан басқаның ойын елегісі келмейді. Біздің қоғамда зорлық-зомбылық мәселесі де өте өзекті. Өкінішке қарай, қоғамда қатыгез. Шиеленіс потенциалы бұзылған. Бірақ шиеленістің өз парадоксы бар. Қоғамның дамуы кейде шиеленістен туындайды. Сол шиеленісті өркениетті түрде, диалог арқылы шешудің мәдениетін қалыптастыру керек. Қақтығыс, шиеленістерді кабинеттерге кіргізу, өз логикаңды күшпен міндеттеу емес, керісінше басқа оппоненттің көзін жеткізу, ұялту әдістерін пайдалану бүгінгі таңда өте өзекті. Бүгін болып жатқан қарама-қайшы процестер біздің еркіндігіміздің нәтижесі емес. Ол – бұрынғы кеңес заманының езгісі мен қанауының проблемасы", – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

"Кикілжіңдердің басты себебі – ұлттық мәселе емес, кедейшілік пен оқымағандық, әлеуметтік әділетсіздік, елдегі ресурстардың тең бөлінбеуі.  Сондықтан әлеуметтік ландшафтарымызды қайта қарау қажет. "Бас басына би болған өңкей қиқым, мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын" деген Абайдың сөзі бүгінгі күннің картинасы сияқты", – деді Ерлан Саиров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу