Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы 20 пайыздан артық қымбаттаған

871

Кей өңірде әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының өсуі 20 пайыздан асады, бір апта ішінде елімізде бес мың заң бұзу дерегі анықталды.

Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы 20 пайыздан артық қымбаттаған

Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен аптада төрт облыста әлеуметтік маңызы бар өнім бағасы максималды өскені тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында – 9,5%, Ақтөбе облысында – 8,7%, Павлодар облысында – 7,1%, Атырау облысында – 6,7%. Өңір әкімдері премьер-министрден ескерту алды.

Бұдан бөлек баға көтеру фактілері бойынша өткен аптада сегіз тергеу басталды.

"Қостанай облысында "Опт Торг CompanyPlus" компаниясының тауық етін көтерме жеткізуші бойынша тергеу басталды: Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тауық жұмыртқасын өндірушілер бойынша "Қарағанды Құс" ЖШС, "Құрма агрофирмасы" ЖШС, "Үштөбе Құс" ЖШС, "Ижевский" ЖШС, "Павлодар Құс" ЖШС, "Алекри" ЖШС, "Адель Кус" ЖШС; Маңғыстау облысында "ҚазАзот" АҚ аммиак селитрасын өндіруші бойынша; Алматыда аммофос өндіруші бойынша "Қазфосфат" ЖШС; Ақтөбе облысында көтерме жеткізушілер бойынша "КАИС инвест" ЖШС және "Фирма Ас-Ан" ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу