Әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түліктің бағасы арзандады

2485

Баға мамырда өсіп, тамызда төмендеді. 

Әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түліктің бағасы арзандады

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4 % өсті. Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

"Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз және картоп көрсетті. Бұған егістік аумағының қысқаруы мен маусымдық фактор себеп болды.  Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылды", – деді министр. 

Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 5 түрінің бағасы арзандаған. 

"Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен. Мұның негізгі себебі – карантиндік шаралармен байланысты азық-түлікке деген ерекше сұраныс және логистика мен тауар тасымалдау шарттарының өзгеруі, маусымаралық кезеңдегі тапшылық", – деді Бақыт  Сұлтанов. 

Министрдің мәлімдеуінше, баға мамырда 0,1% өскен. Маусым, шілдеде өспеген. Тамызда 1% төмендеген.  

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу