Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақыланады

1030

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақыланады

Мониторинг нәтижелері бойынша өңірде 10 дана тауық жұмыртқасының бағасы 380 теңгеден 400 теңгеге дейін өскені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі таңда жедел әрекет ету мақсатында Маңғыстау облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне жұмыртқа бағасының өсу негізділігіне тексеру жүргізу үшін хат жолданды.

Сонымен қатар бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді, оның ішінде әлеуметтік нанның өзіндік құнын азайту мақсатында нан өндірушілерге 1-сұрыпты ұн интервенциясын, сондай-ақ бөлшек сауда желілеріне қант интервенциясын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша "Жол картасы" аясында келесі іс-шаралар жүргізілуде.

ӘМАТ нарығында баға белгілеудің егжей-тегжейлі талдауы жүргізілді, нарықтың қатысушылары арасында сөз байласуды болдырмау үшін әрбір тауар позициясы бойынша баға белгілеудің барлық тізбегі зерделенді. Анвар, Дина, Лидер, Алтын Фуд, Дана, Нұр, Аман және Грандмарт секілді облыстың барлық ірі сауда желілерімен ӘМАТ бағасын төмендету және ұстап тұру туралы меморандумдарының мерзімдері ұзартылып, оларға комплаенстар табысталды, осылайша нарықтың 80%-ы қамтылды. Өңірдің ірі көтерме саудагерлерімен жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын төмендету және ұстап тұру туралы меморандум жасалды.

Барлық ірі сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арнайы белгімен белгіленген және қолжетімді бағамен сатылатын "Әлеуметтік бұрыш" жобасы іске қосылды.

Күн сайын және мереке күндері де ӘМАТ бағасына, сондай-ақ меморандумның орындалуына мониторинг жүргізетін 8 жұмыс тобы құрылды. Апта сайын облыстың барлық қалалары мен аудандарында жәрмеңкелер өткізілуде. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу