Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,3%-ға қымбаттаған

1289

Наурыздың алғаш күндері қырыққабат бағасы айтарлықтай көтерілген.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,3%-ға қымбаттаған

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,3% өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері 10 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (19 тауар) бағасы 2,3% өсіп, наурыздың алғашқы 10 күнінде 0,2% қымбаттаған.

Соңғы 10 күнде 19 тауардың ішінде 14-інің бағасы өскен. Ақбас қырыққабат айтарлықтай қымбаттаған (жыл басынан бері +44,7% немесе 10 күнде +1,6%). Бюроның мәліметінше, 1-9 наурыз аралығында құмшекер бағасы 0,6% өскен (жыл басынан бері +3,3%).

Алайда осы аптаның соңында Қазақстанда Ресей Федерациясының 2021 жылғы 31 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне астық пен қант экспортына уақытша тыйым салу туралы мәлімдемесіне байланысты елдегі кейбір өңірлерде қантқа айтарлықтай сұраныс пайда болды, ал оның бағасы 1 келісі үшін
600 теңгеге дейін көтерілді.

Наурыздың алғашқы 10 күнінде картоп бағасы 0,5% немесе жыл басынан бері 9,6% өсті. Пияз және майлылығы 2,5% пастерленген сүт бағасы 0,4% (жыл басынан бері тиісінше +3,9% немесе +2,5%) көтерілді.

Сәбіз бен қарақұмық 0,3% қымбаттады (жыл басынан бері +6,6% және +2,5%). Тұздалмаған сары май, тауық еті және сиыр еті 0,2% қымбаттады. Жыл басынан бері бұл өнімдердің бағасы +1,5%, +1,1% және +0,3% өсті. Ақтөбедегі супермаркеттер желісінде америкалық тауық етінің бағасы соңғы аптада 15% немесе 840 теңгеден 966 теңгеге дейін өсті.

Ас тұзы, майлылығы 2,5% айран, бірінші сұрыпты бидай ұны мен күріш 0,1% (жыл басынан бері +3,9%, +1,9%, +0,8 және +0,3) бағасы өскен.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 16 өңірде, Нұр-Сұлтанда және республикалық маңызы бар екі қалада өскен.

Бір аптада тауарлар Ақтау (+0,8%), Қостанай және Түркістан (+0,4%), Жезқазған, Қарағанды, Павлодар және Қызылордада (+0,3%) қымбаттаған.

Жыл басынан бері Жезқазған (+3,4%), Ақтау (+3,0%), Нұр+Сұлтан, Алматы және Түркістанда (+2,5%) баға айтарлықтай көтерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу