Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,7%-ға қымбаттады

1660

Соңғы үш айда бағаның тұрақтанғаны байқалады.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,7%-ға қымбаттады

Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлының айтуынша, төтенше жағдай кезінде 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгіленген.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 21 шілде күнгі бағасы жыл басындағы бағасымен салыстырғанда 5,7%-ға өсті. Дегенмен соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы (9,1%-ға) байқалған еді. Ал 2019 жылы осы тауарларға баға 7,7%-ға өскен. Сонымен қатар, соңғы үш айда бағаның тұрақтанғаны байқалады. Мамыр айында баға 0,1%-ға өскенімен, маусым айында өскен жоқ. Ал шілде айының үш аптасында 0,1%-ға өсім байқалды. Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар соңғы аптада 0,3%-ға арзандады", – деп айтып өтті Азамат Асқарұлы.

Вице-министрдің сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы Павлодар (11,9%) және Нұр-Сұлтан (11,8%) қалаларында айтарлықтай өскен. Ал Петропавл, Алматы және Ақтау қаласында өсім төмен болған.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде ең көп қымбаттағаны картоп болды. Одан кейін сәбіз (31%-ға), пияз (20%), қарақұмық жармасы (19%) қымбаттады. Сонымен қатар, арзандаған тауарлар да бар. Қырыққабат, күріш, тауық еті және тұз арзандады",  – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу