Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткен аптада 1,7%-ға қымбаттаған

944

Өткен аптада (2022 жылғы 19-25 наурыз) елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасы 1,7%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткен аптада 1,7%-ға қымбаттаған

Ал жыл басынан бері ӘМАТ бағасы 9,9%-ға өскен.

Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған өнімдер: қырыққабат – 11%, пияз – 9,3%, қант – 6,3%, картоп – 4,7%, сәбіз – 3,3%, тауық жұмыртқасы – 1,7%.

Өткен аптада ӘМАТ бағасы Алматы қаласы мен Қарағанды облысында 3,5%-ға қымбаттаған, Түркістан облысында – 2,5%-ға, Жамбыл облысында – 2,2%-ға көтерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу