Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жеткізу үшін форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі

345

Биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Ол үш кезеңнен тұрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жеткізу үшін форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі Фото: el.kz

"Бірінші кезең күзгі және ерте пісетін көкөністерді форвардтық сатып алуды және кейін осы алынған көкөністерді маусымаралық кезеңде нарыққа жеткізуді қамтиды. Бұл көкөніс бағасының ең жоғары өсуі қыстың аяғында және көктемде болуымен байланысты. Егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін көкөніс өндірісі бір жыл бұрын қаржыландырылады. Яғни келесі жылдың ерте пісетін көкөніс өнімін алу үшін 1 тамызға дейін, ал келесі жылдың күзінде пісетін көкөніс өнімін алу үшін 1 қыркүйекке дейін қаржыландырылады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, екінші кезең шикізат сатып алу үшін өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын қаржыландыруды көздейді. Оны іске асыру осы жылдың наурыз айына жоспарланған.

"Үшінші кезең – арзандатылған астықты (макарон өнімдері, нан, сүт және сүт өнімдері, сиыр еті, құс еті және жұмыртқа) мемлекеттік қолдау және өткізу тетіктері арқылы қаржыландыру. Оны енгізу 2023 жылдың маусым айына жоспарланып отыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу