Әлеуметтік маңызы бар дақылдар алаңы ұлғайтылады

741

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл 22,8 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілетінін жариялады. 

Әлеуметтік маңызы бар дақылдар алаңы ұлғайтылады Фото: inbusiness.kz

Бұл былтырғымен салыстырғанда 186,6 мың гектарға көп көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,8 млн гектар жерге егіледі. Ал майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн гектар жерді құрайды. Бұл өткен жылғыға қарағанда 63 мың гектарға артық.

"Азықтық дақылдар 3,4 млн гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылға қарағанда 114,5 мың гектарға көп", – деді Сапархан Омаров. 

Оның сөзінше, көкөніс, бақша дақылдары егілетін жердің аумағы 16 мың гектарға ұлғайтылып, 280 мың гектар жерге жеткізіледі.

"10 наурызында облыс әкімдіктері және қаржы институттарының қатысуымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық мәселесі жөнінде кеңес өткізілді. Онда жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар дақылдар алаңын ұлғайту мәселесіне тиісінше көңіл бөлмей отырғаны аталып өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша облыстық әкімдіктерге қарақұмық, картоп алаңдарын ұлғайту қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың қарақұмықтық бұрын жоспарланған алаңын 89 мың гектардың орнына 103 мың гектарға дейін, картопты 197 мың гектардың орнына 209 гектарға дейін кеңейту ұсынылды", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу