Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді болады

1432

Сұйық май мен жұмыртқа өнімдерінің бағасы халыққа қолжетімді болады, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді болады

Ауылшаруашылық министрлігі аталмыш тауарлардың құнын тұрақтандыру үшін кешенді жоспар дайындауда. Қазіргі кезде күнбағыс майы мен құс жұмыртқаның бағасын бір қалыпта ұстау туралы ірі өндіруші компаниялар және сауда нүктелерімен келісімшарт жасалуда. Әзірге құжатқа қол қойылған жоқ. Ауылшаруашылық министрлігі 29 тауар түріне бақылау жасайтындарын айтты. Соңғы мониторинг жұмыстарының нәтижесі қымбатшылықтың жуық арада болмайтынын көрсеткен. Жалпы, министрлік өкілдері мәлімдегендей, елімізде 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік әлі сезіледі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу