Әлеуметтік маңызы зор бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіледі

840

Мәжіліс бірінші оқылымда "Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы" заң жобасын мақұлдады. 

Әлеуметтік маңызы зор бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Құжат бойынша бұдан былай субъектіні әлеуметтік кәсіпкер тізіліміне енгізу туралы шешімді өңірлік комиссия қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин: "Қандай комиссия, қандай кәсіпкер болса да ол жергілікті халықтан артық білмейді. Сондықтан комиссия құрамына қоғам белсенділерін қосу қажет", – деді. 

Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң жобасы аясында бизнестің әлеуметтік маңызды бағытын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 

Айта кетейік, өңірлік комиссия тізілімге енгізу үшін әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімін жинайды. Тізілімге енген кәсіпкерлерлерге салық жеңілдігі беріледі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу