Әлеуметтік мәселені бір-екі жылда шешу мүмкін емес – Ералы Тоғжанов

934

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліске келіп, депутаттарға халықтан түскен өтініштерді үкімет қалай қарап жатқанын баяндады.

Әлеуметтік мәселені бір-екі жылда шешу мүмкін емес – Ералы Тоғжанов

Сөзінің қорытындысында барлық мәселені шұғыл шешу мүмкін емес екенін айтты.

"Құрметті депутаттар, әлеуметтік саланың барлық сұрағын шұғыл, бір-екі жылдың ішінде шешу мүмкін емес екені өздеріңізге белгілі. Кейбір мәселелер елдің экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондықтан зейнетақы жүйесіне қатысты, әлеуметтік төлемдердің көлеміне қатысты нақты сұрақтар әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында, өздеріңізбен бірге қарастырылатын болады", – деді Тоғжанов. 

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, депутаттар мен үкіметке келіп жатқан өтініштердің мәні бірдей – нақты табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты.

Депутаттардың өңірлерге сапары барысында екі мыңға жуық сұрақтар көтерілген. Үкіметке азаматтардан 1 800 өтініш тікелей келіп түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу