Әлеуметтік нан бағасы тұрақты

667

Қазақстан бойынша әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Әлеуметтік нан бағасы тұрақты

"80-90 теңге дегеніміз бірінші сұрыптағы нанның бағасы, ол әлеуметтік нан. Оны арзандатылған бидайдан өндіреді. Статистикаға сүйенсек, бірінші сұрыптағы ұнның бағасы 222 теңге (1 кг). Қазір енді бидайдың да бағасын көріп жатсыз. Жылдың басында 116 теңге болса, сосын 160-170 теңгеге дейін көтерілді. Оған қарамастан біз өңірлердің бәріне ұсыныс жасадық. Егер де ұнның қажеттілігі болатын болса, азық-түлік корпорациясы қорынан арзандатылған бидайды өңдеп, ұнды өңірлерге жеткізуге дайынбыз. Қазақстан бойынша әлеуметтік нанның бағасы тұрақты", – деді министр.

Ербол Қарашөкеев әр өңірге ұнның қажетті көлемі жеткізіліп жатқандығын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу