"Әлеуметтік нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ"

1071

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Әлеуметтік нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ"

"Аймақтарда нанның бағасы тұрақты, оның өзгеруіне ешқандай негіз жоқ. Ал жекелеген өңірлердегі кәсіпорындарда шикізат тапшылығы байқалса немесе басқа да өсім байқалса, астық бағасы күрт өссе, астықтың құнын субсидиялау бағдарламасы жүзеге қолға алынады, ол Азық-түлік корпорациясы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Баға өңірлер үшін қазіргі нан өндіруге мүмкіндік беретіндей етіп белгіленетін болады. Айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Яғни, қазіргі уақытта әлеуметтік нан бағасын көтеруге негіз жоқ", – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Басқа ұн өнімдеріне, мысалы, жеке наубайханалардағы нанның бағасы өзгеруі мүмкін, бірақ мемлекет бұл процеске әсер ете алмайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу