Әлеуметтік санатына қарай ипотекалық қарызын кешіру қарастырылып жатыр

914

Қоғам белсенділері көмек жекелеген санаттағы адамдарға көрсетілуі керек деп есептейді.

Әлеуметтік санатына қарай ипотекалық қарызын кешіру қарастырылып жатыр

Елімізде бірқатар тұрғынның ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін. Бұл сұрақ Алматыда өткен Ұлттық банктің жұмыс тобында қарастырылды.

Ұсынысты жасаған қоғам белсенділері негізгі 4 санаттағы: 1 және 2-топ мүгедектерінің, соғыс ардагерлерінің, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандардың және кәмілеттік жасқа толмаған ата-анасыз қалғандардың ипотекалық қарыздарын кешіру қажет дейді.

Қаржы реттеушісі ұсынысты қабылдады. Дегенмен, ұсыныс заңға енгізіле ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу