Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 315,6 млрд теңге бөлінеді

1150

Теңге бағамының құлдырауы зейнетақыны тағы 5 пайызға өсірді.

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 315,6 млрд теңге бөлінеді

Валюта бағамының құбылуы ел билігін әлеуметтік төлемдердің индексін қайта қарауға мәжбүр етті. Жыл басында зейнетақы мөлшерін 5 пайызға көтерген Үкімет теңгенің құлдырағанын ескеріп, тағы 5 пайыз индекстеу шарасын қолға алды. Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осы мақсатқа бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін атады.

"Макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты қабылданған шараларға 315,6 млрд теңге бағытталады. Осы қаражат есебінен 1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдерді индекстеу және валюта бағамының шығындарын жабу іске асатын болады", – деді министрлік өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу