Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам шот ашты

832

Оның 1 013 558-і қашықтан ашылды.

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам шот ашты

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін екінші деңгейлі банктер мен "Қазпочта" АҚ арқылы 1,7 млн адам төлем карточкасын және карточкалық шот ашты, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында берген тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен төлем карточкаларын банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ қашықтан алу алгоритмін дайындады", – деп жазылған агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабардамада.

Бүгінде 1 013 558 азамат қашықтықтан шот және төлем карточкасын ашқан. Оның шамамен 700 мыңы азаматтардың үйіне жеткізіліп берілген.

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері "Қазақстанның Халық банкі" АҚ қашықтан 564 615, Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank – 26 745, "Банк Центр кредит" 25 258 төлем карточкасын ашқан. Сонымен қатар "Қазпошта" АҚ 88 397 төлем карточкасын үйге жеткізіп берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу