Әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын жасанды интеллект қадағалайды

Ішкі істер министрлігі азаматтардан "102" пультіне түскен өтініштерді өңдеу үшін жасанды интеллект қолданылатынын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

Әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын жасанды интеллект қадағалайды

"Бүгінде жүйеге мессенджерлер арқылы түскен өтініштердің 88,4%-ы жасанды интеллект арқылы өңделеді. Мәселен, Telegram 91,3%, Facebook 76,5%, ВКонтакте 84,7 %, ҚР ІІМ сайты – 86,9% қамтылған", – деді ІІМ Ақпараттандыру және коммуникациялар департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов.

Оның айтуынша, азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету және полицияға жалған қоңырауларды іріктеу мақсатында мобильді қосымшада логин, пароль және электрондық поштаны енгізу арқылы пайдаланушыны авторизациялау, сондай-ақ жеке мәліметтерді ЖСН арқылы сәйкестендіруді қарастырады. 

Бұл ретте "102" мобильді бағдарламасы арқылы жедел дыбыс-бейне қоңырау шалу функциясын міндетті тіркеусіз орындауға болады.

 "102" қосымшасы арқылы тұрғындар полицияға хабарласып, оқиға орнынан жедел қоңырау шала алады. Мәселен қысқа мерзімде 1,2 млн түрлі өтініштер түсті, соның ішінде аудио және бейне қоңыраулар, мәтіндік хабарламалар бар", – деді спикер.

Қосымша желідегі трендтерді қадағалап, чат-боттарда жиі қойылатын сұрақтарды сұрыптайды. Сонымен қатар өтініштерге уақтылы жауап берілуін қадағалайды, бұл қоңырауларды өңдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу