Әлеуметтік желіде "Әділет" партиясының фейк аккаунттары анықталды

242

Партияның атын пайдаланып, азаматтарды жаңылыстырғандар жауапкершілікке тартылады.  

Әлеуметтік желіде "Әділет" партиясының фейк аккаунттары анықталды Фото: adilet-partiyasy.kz

Бұл туралы "Әділет" партиясы ресми мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жалған ресурстар партия билеттерін беру, партия мүшелерін тіркеу, жалпы партияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатыр. Ресми түрде мәлімдейміз: бұл аккаунттардың "Әділет" партиясына ешқандай қатысы жоқ. Олар арқылы таратылған ақпарат жалған", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Әділет" партиясының атауы мен рәміздерін заңсыз пайдалану, жалған ақпарат тарату және азаматтарды жаңылыстыру республика заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

"Анықталған фактілерге қатысты материалдар Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: @adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, adilet-partiyasy.kz.

Азаматтардан жеке мәліметтерін белгісіз тұлғаларға бермеуді және тек "Әділет" партиясының ресми байланыс арналарын ғана пайдалануды сұраймыз", – делінген партия таратқан хабарламада.

"Әділет" партиясы – Қазақстандағы жаңа саяси күш, 2026 жылы 1 маусымда тіркелген.

2026 жылдың маусымында оған елдегі ең ірі басқарушы AMANAT партиясы ресми түрде қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу